Президент бастамалары біртіндеп орындалып жатыр. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Телеграм арнасына осылай жазды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында айтылған негізгі бастаманың бірі – «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іс жүзінде жүзеге асырылып, балаларымыздың есеп-шотына Ұлттық қордан төлемдер түсе бастады. Алдағы уақытта бұл төлем Ұлттық қор активтерінің еселенуіне және қосымша инвестициялық табыстың артуына байланысты ұлғаятын болады. Сондай-ақ Мәжіліс кеше әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң жобасын жұмысқа қабылдады. Бұл құжатты депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылық және педофилия үшін жауапкершілікті күшейту туралы Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес әзірлеген болатын», - деді ол.