Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдікті Нұрболат Дәкебаев ұсталды. Жедел іздестіру, тергеу барысында ол бой тасалаған болатын.
Күдіктіні полиция бес күн өткенде облыс орталығынан 200 шақырым қашықтағы қыстақтардың бірінен қолға түсірді. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасаған қылмысы үшін ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады.
Еске салсақ, Дәкебаев 27-і қаңтар күні қызуы көтеріліп қатты ауырып жатқан 1 жасар балаға келіп тұрған жедел жәрдем көлігі жүргізушісін жол бермедің деп ұрып тастаған болатын.
Руслан Нұрланұлы