Дінді дұрыс бағытта пайдалану қажет. Оның әу-бастағы міндеті – арандатып, жолдан адастыру емес, адамдарды біріктіру, бірлікке шақыру, дейді қоғам қайраткерлері. Идеологиялық жұмыстар қолға алыну керек. Ол үшін өскелең ұрпаққа, біліммен қатар тәрбиені де дұрыс бере білу қажет.
Маралтай Райымбекұлы, ақын:
Дінге өте абай болуымыз керек, өте қиын нәрсе. Адамның сеніміне қол сұғу дейтін өте қиын нәрсе. Бұл заңдық тұрғыдан да, басқа да қоғамдық ортада да. Сондықтан да біз осы бағытта жұмыстар жасауымыз керек. Идеологиялық жұмыстар қолға алыну керек сияқты. Қайтадан енді бұл тап-таза ағып жатқан арнаға лас су келіп қосылып кеткен сияқты ғой. Бұл адамның ішінен жүрегінен бастау алатын нәрсе.
Бақыт Беделхан, ақын:
Қазақта сөз бар: «Керегін ал да, кебегін таста, тәпсірлеп тамырына жетіп күлкілдете алмасаң айтпа». Бізге Президентіміздің ұлттық руханиятқа деген ықыласы және идеология керек, ол дәстүрлі идеология болу керек, дәстүрлі дүниені ұстаным қылып, соны идея тұтуымыз керек. Идеал тұтуымыз керек, идеяға айналдыруымыз керек дегені өте құптарлық нәрсе деп ойлаймын. Сондықтан да бізге ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылып «қазақ» дейтін алтын халқымызды сақтап қалу үшін, сол дәстүрлі идеологиямызды күшейту керек.
Асылбек Данияр