Ұлттық қордан ақша түспесе, ата-аналарға не істеу керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қордан ақша түспесе, ата-аналарға не істеу керек?

01.02.2024

Балаларына Ұлттық қордан ақша түспесе, ата-аналарға не істеу керек? Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдері осыған қатысты түсінік берді. Айтуларынша 18 жасқа толмаған балалар жайлы мәлімет мемлекеттік базадан алынады және төлем оларға автоматты түрде тағайындалып, түсті. Ал егер бұл базада жоқ болса, алаңдауға негіз жоқ. Мұндай жағдайда ата-ана баласының мәліметтерін Egov.kz арқылы тексеруі керек. Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе аты-жөнінде қате кеткен болуы мүмкін.

Егер солай болса, халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет. Кейін төлем міндетті түрде түседі. Ұлттық қордан балаларға алғашқы төлем кеше түсті. Оның мөлшері 100 доллар 52 цент. Ал Қаржы вице-министрі биыл 18-ге толатын балалар 100 долларды қайда жұмсауына болатынын түсіндірді.

Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

100 доллар алатын бала «Отбасы банкі» арқылы депозит ашып, соған салып қоюына болады. Сондай-ақ «Бонус» деген бағдарлама бар, соған да жинақтай алады. Өзінің қосымша жинаған қаражаты болса, соны қосып жұмсауына болады. Яғни, қанша болса да тұрғын үй мен білім алуына жұмсауы керек. Негізі бұл бағдарламаның тиімділігін тек қана 18 жыл осы бағдарламада болатын балалар ғана көре алады.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу