Оқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға тыйым салынады

01.02.2024

Оқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға заң бойынша тыйым салынады. Сенат заңды мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Құжатты таныстырған Оқу және ағарту министрінің орынбасары Наталья Жұмаділдаеваның сөзінше оқушылар телефонды мектепке әкеле алады. Арнайы жәшіктер болған жағдайда сол жаққа өткізуі қажет. Болмаса сабақ кезінде сөмкесіне салып, үзіліс уақытында ғана пайдаланады. Құжатта бұдан бөлек оқушылардың қауіпсіздігіне көңіл бөлінген. Мәселен, ғимараттарды салған кезде терезелеріне құлып орнату міндеттелмек. Суицидке, зорлық-зомбылыққа үгіттейтін ақпаратты таратпау бойынша да бірқатар шара қарастырылған. Бұдан бөлек көпқабатты үйлер құрылысы жоспарланғанда жанында мектеп, балабақша және аурухана болуы міндетті түрде есепке алынады.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу