Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балы белгілі болды

01.02.2024

Ұлттық біріңғай тестілеудің шекті балы белгілі болды. Министрлік жоғары оқу орындарына түсудің шекті баллдарын өзгеріссіз қалғанын хабарлайды.

Яғни, кемі 50 балл ал ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін 65 балл жинау шарт. Дегенмен оқуға түсу үшін 50 баллдан жоғары нәтижені талап ететін оқыту бағыттары бар.

«Құқық» және «Педагогика ғылымдары» білім беру бағдарламалары бойынша ең жоғары шекті балл 75-тен кем болмау керек. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, медицина» мамандығы бойынша оқуға шешім қабылдаған талапкерлер жоқ дегенде 70 балл жинауы қажет. Ал ұлттық университеттердің «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», сондай-ақ «Ветеринария» мамандықтары бойынша оқуға түскісі келетіндер 60 балдан жоғары жинауы шарт.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу