Маңғыстау облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

01.02.2024

Маңғыстаудағы «Өзен» кен орнында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға түнгі ауысымда, ұңғымалардың бірін күрделі жөндеу жұмыстары кезінде болған. Ол «Мұнайспецснаб» компаниясының жұмысшысы. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін, құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылды.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу