«Әйелін қатігездікпен өлтірді» деген күдікпен тергеуге алынған экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша тергеу толығымен аяқталды. Енді ол сотқа жолданады. Қазір жәбірленуші мен айыпталушы тараптар іспен танысып жатыр. Мұны Ішкі істер министрі Ержан Сәденов хабарлады. Экс-шенеунікке Қылмыстық кодекстің «Азаптау» және «Аса қатігездікпен адам өлтіру» баптары бойынша айып тағылып отыр.