Қазақстан мұнайы Германия және Әзербайжанға «Баку – Тбилиси – Джейхан» құбыры арқылы жеткізіле бастады. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Қазмұнайгаз компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты. Экспорттық бағыттарды дамыту аясында Біріккен Араб Әмірліктеріндегі серіктестермен бірлесіп, танкер флотын кеңейту жұмыстары да жүргізілді. Мемлекет басшысы геологиялық барлау ауқымын кеңейту және ұлттық компанияның мұнай-газ химиясын дамытуға ерекше мән беру қажет екенін айтты. Әлеуметтік жобалар да ұмыт қалған жоқ.
Мағзұм Мырзағалиев, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
Қаражанбас кен орнында орналасқан су тұшыту зауытын іске қостық. Астрахан-Маңғышлақ атты су құбырдың күрделі жөндеу жұмыстарын да жүргіздік. Былтыр Кендірліде болашақта орналасатын су тұшыту зауытының құрылысы басталды.