Мұрат Жұрынов: Жастарымыз тура дінді ұстанып, өзінің тарихын, тілін білуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұрат Жұрынов: Жастарымыз тура дінді ұстанып, өзінің тарихын, тілін білуі керек

31.01.2024

«Ұстазы мықтының - ұстанымы мықты». Бірақ қазір ұстаздың да түрі көп. Әлеуметтік желіде өмір сүруді, психологияны, кәсіп ашуды, тағысын тағы түрлі бағыт бойынша дәріс беретіндер көбейді. Олардың білімі мен деңгейін саралап жатқандар кем. «Семинар-тренинг өткізетіндердің біліктілігін анықтап, сұрыптайтын кез келді»,- дейді сарапшылар.

 Дархан Әбдік, журналист:

Бір жаман нәрсе бар, псевдоинтеллектиуализм деген. Адамдар бір мәселені талқылағысы келеді де, сол қоғамның ішінде жалған интеллектуалдар қалыптасады. Дінді, басқа да бір мистикалық мәселелерді уағыздайтын, оған жастар бұғанасы қатпаған, білімі, мектептегі ағарту төмен болғандықтан соған шалдығады. Олай болмас үшін қоғамда шын мәнінде керек тақырыптар талқылануы керек. Қоғамдық құндылықтар талқылануы керек.

Мұрат Жұрынов, химия ғылымдарының докторы, профессор:

Дін қуған адамдарды, соған қызыққан адамдарды беталды, еркіне жіберуге болмайды. Оларға бір бағыт беру керек. Сол халықтың мүддесі қандай, мемлекеттің мүддесі қандай соған бейімдеу керек. Түркістанда университет ашылғанда дінтану деген сабақты бірінші рет ЖОО-ға кіргізген адаммын. Жастарымыз тура дін ұстануы керек, өзінің тарихын, тілін білу керек. Сондықтан бұған мән беру керек.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу