Биыл шегірткелерден қауіп жоғары. Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының дерегінше, жәндіктің таралуы 11 жыл бұрынғы шарықтау шегіне жетеді. Осының алдын алу мақсатында Үкімет химиялық өңдеу жұмыстарына 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Айта кетейік, елімізде кейінгі жылдары үйірлі шегірткелердің таралу аймағы кеңейіп келеді.
Аида Ахметбек