Еліміздегі ветеринариялық қызметті күшейтуге 3,8 млрд теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі ветеринариялық қызметті күшейтуге 3,8 млрд теңге бөлінді

31.01.2024

Еліміздегі ветеринариялық қызметті күшейтуге 3,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Үкімет басшысы тиісті қаулыға қол қойды. Қаражат ветеринариялық зертханаларды заманауи құрылғымен қамтуға бағытталмақ. Дәлдігі жоғары құрылғымен, халықаралық талаптарға сай келетін сұйық хроматографтар алынады. Бұл ветеринария саласында дәл және нақты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тиімділігі жоғары сұйық хроматограф тағам өнімдеріндегі зиянды заттардың болмашы іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Оны қолдану халықтың денсаулығын тағам арқылы таралатын қауіпті аурулардан қорғауға елеулі үлес қоспақ.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу