Қазақстанда жедел жәрдем қызметкерлерін қорғауды талап ететін петиция басталды. Белсенділер дәрігерлерге жиі шабуыл жасалып, зардап шегетіндерін айтты. Сондай-ақ, осы күнге дейін ақ халаттылардың құқығын қорғайтын бірде бір заң жобасы әзірленбеген дейді. Петицияға 100-ден астам адам қол қойған. Денсаулық сақтау министрлігі де жедел жәрдем қызметкерлері соққыға жығылып, жиі келеңсіз жағдайларға тап болатынын жеткізді.
Тәуірбек Бозекен