Еліміз зейнетақы қорының қаржысына вагондар сатып алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз зейнетақы қорының қаржысына вагондар сатып алмақ

30.01.2024

Еліміз зейнетақы қорының қаржысына вагондар сатып алмақ. Бұған дейін Ұлттық банк зейнетақының 173 млрд активіне «Бәйтерек» холдингінің облигацияларын сатып алғаны туралы ақпарат тарады. Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, бұл қаржы толығымен инвестицияға жұмсалады. Яғни, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға, соның ішінде жолаушы және жүк вагондары сатып алынбақ. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді дейді министр.

 Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Зейнетақы қоры «Бәйтерек» облигацияларын сатып алу сияқты қаржылық операцияларды бұған дейін де жүргізген. Зейнетақы ақшасы әрдайым айналымда жүруі тиіс. Олар сенімді қаржы құралына салынуы керек. Оның қатарында бағалы қағаздар бар. Сонымен қатар квазимемлекеттік бірлестіктердің облигацияларын да атап өткен жөн.

Хабарламаларға жазылу