Коммуналдық қызмет ақысы тағы қымбаттайды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биыл тариф 20-30 пайызға дейін көтеріледі. Бұл барлық коммуналдық қызметке қатысты. Тарифті өсіру арқылы инфрақұрылым желілерін жаңартпақ. Себебі, инжинерлік нысандар, оның ішінде су құбырлары, кәріз жүйесі әбден ескірген. 40 мыңнан астам отбасы үшін коммуналдық төлемнің бір бөлігін мемлекет төлейді. Мұндай көмек коммуналдық шығыны айлық табысының 10 пайызынан асып кеткен жағдайда беріледі.