Алматыда қызылша ауруы қайта асқынды. Бір айдың ішінде 800-ден аса жағдай тіркелкелген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті олардың 500-ге жуығы 14 жасқа толмағандар дейді. Дәрігерлер екпе алмаған балалар вирустық инфекцияға тез шалдығып жатыр деп дабыл қағуда. Былтырдың өзінде Алматыда 5 мыңға жуық адам қызылша жұқтырған.
Тәуірбек Бозекен