Көлік жуатын орындарға ауыз суды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін. Мәселе қазір Мәжілісте қаралып жатыр. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов осылай деді. Қазір еліміздегі жалпы ауыз судың 15 пайыздан астам бөлігі техникалық мақсатқа жұмсалады. Бұл үлкен ысырап. Сондықтан су кодексіне өзгеріс енгізілмек.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
Біз оны әлі мәжілісте, сенатта, депутаттармен бірге оны шешім қабылдаймыз. Сол уақыт береміз. Содан кейін сол кәсіпкерлер, сол уақытта міндетті түрде сол құрал-жабдықтарды орнату керек. Алған суды қайта пайдаланып соң, қайта оны өңдеп, қайта пайдалану. Повторное использование дейміз ғой. Осы норманы біз су кодексіне кіргізейін деп жатырмыз.
ЕЛІМІЗДЕ 20 ЖАҢА СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ
Су мәселесі бүгін Үкіметте жан-жақты қаралды. Су ресурстарын пайдаланудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы таныстырылып, қабылданды. Құжат негізінде ел аумағында су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңадан 20 су қоймасы салынады. Қолданыстағы 15 қойма қайта жаңғыртылмақ. Сондай-ақ 14 мың шақырымнан астам суару арнасы мен гидротехникалық құрылыстар жөнделеді. Ал, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтіндер үшін үлкен жеңілдіктер жасалатын болды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Тұжырымдаманың маңызды бір бағыты су үнемдейді ынталандыру. Біз қазір фермерлерге су беру құнын субсидиялап отырмыз. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын сатып алуға жұмсалған шығынның 50 процентін үнемдейміз. Биыл бұл межені 80 процентке дейін көтеру жоспарланып отыр.