Дәл осы Алматыда тоқ ішек пен тік ішек обырынан көз жұмып жатқан науқастардың саны күрт көбейген. Былтыр 210 адамның ажалы дәл осы кеселден келген. Онкологтар қатерлі дерттің дендеп бара жатқанына тез дайындалатын тамақ пен тәтті сусындар себеп дейді. Сондай-ақ, адамдардың салауатты өмір салтын ұстамауы да аурудың дендеуіне жол ашып тұрғанын жеткізді. Дәрігерлер уақытында скринингтен өту маңызды екенін алға тартады. Өйткені, бастапқы сатысынды толық емделіп кету мүмкіндігі бар. Мамандар бұрындары ішек обыры 60 жастан асқан кісілерде кездессе, қазір тіпті 20дағы жастарға да осындай диагноз қойылып жатқанын айтады.
Нұрлан Балтаев, Алматы онкологиялық орталығы хирургиялық қызметінің басшысы:
Қазақстанда 2011-ші жылдан бері арнайы скриннинг бағдарламалар жүріп жүр, мемлекет тарапынан кепілдік ретінде, тегін, 2011-ші жылдан бері ең маңызды тоқ ішек пен тік ішек сриннингі, жатыр мойынының скриннингі және сүт безінің скриннингі жүріп жатыр, соған қарап тоқ ішек пен тік ішекті 50 жастан бастап науқастардың барлығы жергілікті емханаларда тегін шақырылады арнайы тест бар айфоб тест дейді, тоқ ішектер қанның әсері бар ма, қан барма жоқ па сондай тәсілмен есептейді, мемлекет тарапынан тегін 2 жыл сайын шақырып тұрады, жергілікті емханада, жергілікті дәрігерлер шақырып тұруы керек.
Қазақстанда жыл сайын 39 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдықса, 14 мыңнан астам науқас қайтыс болады. Ал онкологиялық есепте 200 мың қазақстандық тұр. Басым бөлігі сүт безі,өкпе, тоқ ішек пен тік ішек және асқазан рагымен күресіп жүр.