22 жастағы қазақстандық Сириядағы қарулы топқа кірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 жастағы қазақстандық Сириядағы қарулы топқа кірген

30.01.2024

Халықаралық террористік ұйымға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 22 жастағы қазақстандық Стамбұлдан Алматыға депортацияланды. Тергеуде көрсетілген дерекке сәйкес, Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, ондағы қарулы топтардың біріне кірген. Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысы бар деген факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу