Ботақарадағы жарылысқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ботақарадағы жарылысқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады

30.01.2024

Ботақарадағы жарылысқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр, оған төтенше жағдай мамандары қатысатын болды. Олар газ баллоны жарылуына не себеп болғанын, оған кім кінәлі екенін анықтамақ. Дегенмен төтенше жағдай мамандары жасаған алдын ала қорытындыға сүйенсек, қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Көгілдір отыны бар баллонды суық жерден, ыстық орынға әкелген болуы мүмкін. Оқиғаның жай-жапсарын, құқық қорғау органдары анықтайды. Айта кетейік, мамандар қираған баспана орнында пайда болған үйінділерді тазартып болды. Жергілікті атқарушы органдар, кран мен үш экскаваторды дер кезінде апат орнына жеткізді. Осының арқасында үйінді астынан бес адамды мамандар алып шықты.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу