Air Astana әуе компаниясы акцияларының құны белгілі болды. Ол 2 доллардан бастап 2 доллар 75 центтің аралығында болмақ. Яғни бір акция үшін мың-мың екі жүз теңге. Десе де баға өзгеруі де мүмкін. Нақты құны 9 ақпанда жарияланбақ. Айта кетейік, бұған дейін әуе компаниясы акцияларын халықаралық биржаларда IPO-ға шығарғалы жатқанын хабарлаған едік. Шетелдік инвесторлар оны Лондон қор биржасында, ал отандық инвесторлар акцияны AIX және Касе қор биржаларынан ала алады. Әуе компаниясы 120 миллион доллардың бағалы қағаздарын сатуды көздеп отыр. Акциялар көктемде сатылымға шығады деп жоспарланған.