Елде көлікті несиеге алатындар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде көлікті несиеге алатындар көбейді

29.01.2024

Қазақстанда несиеге автокөлік сатып алатындар артқан. Былтыр 208 мың 400 автонесие рәсімделген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 73 пайызға көп. Берілген қарыздың жалпы соммасы 81 пайызға көбейген. Сарапшылар бұл қарқынға жеңілдетілген автонесиенің көп берілуі себеп болды деп отыр. Оның үстіне автосалондардағы тапшылық жойылып, Қытай өндірушілері нарыққа кірді. Халықта таңдау болғандықтан бұл өсім – заңдылық, - дейді.

Бауыржан Ысқақов, экономист:

Автонесиенің пайдасы халыққа басқа бір несие алғаннан жоғары деп айтар едім. Бірінші кезекте қарапайым халықтың сол автокөлікті несиеге алу кезіндегі 70-80 пайыз мақсаты – сол автокөлікті кәсіпке айналдыру. Яғни, алған несиесін сол кәсіптегі тапқан табысымен жабуға қарай бағытталуы. Бізде ешқандайда бір кәсіби мақсаттағы емес несиелердің де көптігі әсер етуде. Той дейді, басқа дейді. Ысырапшылдық. Міне, осылардың орнын қазір автонесиелер басып жатыр. Автонесие жақсы. Қарапайым халықтың екі қолға бір күрек табуына мүмкіндік беретін бизнес.


Хабарламаларға жазылу