Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысы бірнеше жылға созылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысы бірнеше жылға созылады

29.01.2024

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының саны әзірге белгісіз. Ал оларды ақтау жұмыстары тағы бірнеше жылға созылады. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор әрі Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл айтты. Үш жыл ішінде мұрағат материалдары ретінде 70-тен астам құжат жинағы әзірленген. Соңғы екі жылда Алматыдағы Президент мұрағатында жүз жылда жиналған материалмен тең 700 мыңға жуық құжат жиналған. Алайда, оның жартысынан көбі дұрыс сақталмағандықтан, қайта қалпына келтіруді қажет етеді, деді. Одан кейін құжаттарды ғылыми айналымға енгізу керек. Бұдан бөлек, қай санаттағы адамдарды ақтау жайы да қарастырылып жатыр дейді тарихшы .

Еркін Әбіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Жұмыс жалғасады. Осы мемлекеттік комиссияның жұмыс барысында құрылған бүкіл ғылым инфрақұрылымдар қалады. Бізде жобалық офис болды, ол да жұмысының жалғастырады деп ойлаймын. Қазір қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр. Заңнамалық негізін өзгерту бойынша заңға өзгеріс енгізу, ақтауға жататын топтардың санын көбейту мәселесі әлі шешілген жоқ. Ол да болашақта шешіледі деп ойлаймыз.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу