Өзбекстан медицина саласын толықтай сандық жүйеге көшіруді қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан медицина саласын толықтай сандық жүйеге көшіруді қолға алды

29.01.2024

Өзбекстан медицина саласын толықтай сандық жүйеге көшіруді қолға алды. Биылдан бастап еңбекке жарамсыздық парағы тек электронды нұсқада беріліп жатыр. Медициналық сақтандыру қорындағы мәліметті қарау процесін цифрландыру мақсатында ақпараттық жүйе іске қосылған. Жалпы өзбекстандық дәрігерлер ауруды ең бастапқы кезеңінде анықтау деңгейін 70%-ға жеткізуді көздеп отыр.

«Қауіпсіз үй – қауіпсіз көше – қауіпсіз аудан». Осындай ұранмен Қашқадария облысының Қаршы ауданында үй жайды тегін залалсыздандыру басталды. Мақсат жұқпалы аурулардың алдын алу. 10 жасқа дейінгі балалар тегін медициналық тексеруден өтеді. Озық технологияның арқасында елде күрделі операциялар саны артып, мыңдаған адам өмірге қайта оралды.

Хуршид Фозилов, Республикалық мамандандырылған кардиология ғылыми медициналық орталығының директоры:

Орталық Азия бойынша алғаш рет бізде 3 D видеоторакоскопияның көмегімен ерекше операциялар жүзеге асты. Өткен жылы 2135 хирургиялық ота жасалды, басым бөлігі ашық және эндоваскулярлық операциялар. Мұндай қиын отаны ең шалғай аудандарда да сәтті жүзеге асырып келеміз.

Ақ халаттылар ауруды ең бастапқы кезеңінде анықтау деңгейін 70%-ға жеткізуді көздейді. Ол үшін жыл сайын балабақша мен мектеп жасындағы 9 млн-дай бала мен 18-40 жас аралығындағы 12,5 млн адам тексеруден өткізіледі. Мемлекеттік медициналық сақтандыру қорының жұмысында да жаңашылдықтар бар.

Сайёра Шоева, Мемлекеттік медициналық сақтандыру қорының жетекшісі:


Былтыр қор есебінен жеңілдік санатына жататын 97 мың науқасқа медициналық көмек көрсету шығындарын жабу үшін 772 миллиард сум төленді. ем шаралар бойынша құжаттарды қарауды жылдамдататын ақпараттық жүйе іске қосылып, барлық емдеу мекемелеріне енгізілді.

Пациенттердің игілігі үшін әрі қызмет сапасын бағалау мақсатында «кері байланыс» жүйесі жұмыс істейді. Бұл сыбайлас жемқорлықты азайту бағытында таптырмайтын әдіс.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу