Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғындары қашықтықтан дәрігерлік көмек ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғындары қашықтықтан дәрігерлік көмек ала алады

29.01.2024

Өңірдің 16 емдеу мекемесінде телемедицина пилоттық жобасы қолға алынды. Оның қызметін 115 мыңнан астам адам пайдалана алады. Бүгін облыстық көпбейінді ауруханада денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың қатысуымен бағдарламаның тұсауы кесілді. Ақ халаттылар Тайынша аудандық ауруханасына келген пациентті онлайн қабылдап, медициналық жәрдем көрсетті. Құны 650 мың еуро тұратын жобаны Франция мемлекеті қаржыландырып отыр. Бұл сомаға қажетті қондырғылар сатып алынды. Мамандар телемедицина жүйесін енгізбес бұрын көптеген елдің тәжірибесі зерттелгенін атап өтті.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Ауылдық жерлерде дәрігерлердің жетіспеуіне байланысты осындай қашықтықтан көрсетілетін медициналық көмектің түрлерін, телемедицинаны дамыту қолға алынды. Денсаулық сақласын дамытуына көмектесетін болсы, бұл жобалар ары қарай таратылатын болады.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу