Өзбекстанда жеміс пен көкөніс экспорты артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда жеміс пен көкөніс экспорты артты

29.01.2024

Үш түйір шие 18 мың сум немесе 700 теңге. Бұл Ташкенттегі көрініс. Сатушы шиенің келісін 450 мың сумнан саудалап жатыр. Біздің ақшаға шаққанда шамамен 18 мың теңге. Бұл жеміс Аргентинадан жеткізілген екен. Ал өзі де шетке өнімін көп саудалайтын Өзбекстаннан былтыр елімізге 121 млн долларға жеміс-жидек пен көкөніс жеткізілген.

Статистика агенттігінің хабарлауынша, оңтүстік көршіміз өткен жылы шет мемлекеттерге 1,1 млрд доллардың өнімін эспорттады. Алыс жақын елдерге сатылған жеміс пен көкөніс мөлшері 1,7 млн тонна. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға көп. Экспорттың үлесі бойынша алдыңғы қатарда Ресей. Бұл елге жеткізілген өнім 437 млн доллар. Мұнан кейінгі орында Пәкістан мен Қытай. Ал Өзбекстаннан ең көп жеміс пен көкөніс импорттайтын Қазақстан алғашқы төрттіктің қатарында

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу