Қазақстан мен Канада байланысы арта түспек. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Ванкувер қаласында еліміздің Құрметті консулдығы ашылды.
Шаһар солтүстік Америкадағы 2,5 млн-ға жуық халқы бар ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі, әрі ең ірі теңіз порты. Өкілдіктің ашылу рәсіміне Қазақстан Елшісі Дәулетбек Құсайынов, Британдық Колумбия провинциясының Сауда министрі, дипломатиялық корпус өкілдері, сарапшылар мен бизнес өкілдері қатысты. Құрметті консул қызметіне канадалық «Arras Minerals» тау-кен компаниясының басшысы Даррен Клинк тағайындалды. Елші құрметті консул екі жақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға одан әрі серпін беретініне сенім білдерді.
Даррен Клинк, ҚР Ванкувер қаласындағы Құрметті консулы:
Канаданың үлкендігі бойынша үшінші қаласы, әрі Тынық Тынық мұхит қақпасы, бүкіл Солтүстік Америка үшін аса маңызды порт - Ванкуверде Қазақстанның Құрметті консулы болу үлкен мәртебе. Бұл өңірдің өзара инвестицияларды ұлғайтып, сауда және саяси байланыстарды дамыту әлеуеті үлкен.
Жалғас Сәдібекұлы