Иордания мен Сирия шекарасында американың 3 жауынгері қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иордания мен Сирия шекарасында американың 3 жауынгері қаза тапты

29.01.2024

Иордания мен Сирия шекарасында дрондардың соққысынан АҚШ-тың 3 жауынгері қаза тапты. Тағы 34-і жараланған. Мұны америкалық әскерилер хабарлады. Оқиғадан кейін президент Джо Байден мәлімдеме жасап, шабуылды Иранға арқа сүйеген қарулы топтар жасағанын атап өтті.

Осылайша, қазанның 7-де Израиль-Хамас соғысы басталғалы Таяу Шығыста алғаш рет пентагондық сарбаздар опат болып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу