Жер сілкінісі туралы жалған ақпарат үшін екі азамат жауапқа тартылды. Алматы прокуратурасының мәліметінше, олар зілзала кезінде әлеуметтік желілерде табиғи апаттың салдары туралы өтірік хабарламалар таратқан. Соның кесірінен, тұрғындар арасында дүрбелең болып, қоғамдық резонанс туған. Әзірге 1995 және 2006 жылдары туған екі әйелдің жеке басы анықталды. Олардың әрқайсысына 36 мың 920 теңгеден айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылды. Прокуратура бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын хабарлады.
Қуан Нұрақын