Қарағанды облысында тас жолда автобус пен 16 жеңіл көлік соқтығысты. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты бүгін сағат 15:00-дер шамасында болған. Оқыс жағдайға ауа райының қолайсыздығы себеп. Жарақат алғандар Теміртау қаласына жеткізіліп, медициналық жәрдем беріді. Ал, жолда қалғандарға құтқарушылар мен полицейлер қажетті көмек көрсетті. Қазір тас жол жабық. Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері өңірде жел екпіні күшейеді. Боран соғуы да ықтимал. Сондықтан құтқарушылар көлік жүргізушілерден сақ болуды сұрайды.