Антикор дабыл қағу жүйесіне арналған шығындарды тексермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антикор дабыл қағу жүйесіне арналған шығындарды тексермек

26.01.2024

Антикор сейсмикалық қауіпті өңірлерде дабыл қағу жүйесіне арналған шығындарды тексеруге кірісті. Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали құрылымдық және аумақтық департамент басшыларымен жедел кеңес өткізді.

Ведомство басшысы 2018-2023 жылдар аралығындағы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына мониторинг жүргізуді тапсырды. Тексеріс Алматы қаласынан бөлек, Шымкент, Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жүргізіледі.


Хабарламаларға жазылу