Сейсмолог: Алматыда 9 қабаттан биік үй салуға болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сейсмолог: Алматыда 9 қабаттан биік үй салуға болмайды

26.01.2024

Жұртшылықты тағы да жер сілкінісі бола ма, деген сұрақ мазалайды. Ендеше сейсмикалық болжамға қатысты тұжырымды Ұлттық Ғылым Академиясы, Сейсмология институтының негізін қалаушы, профессор Әлқуат Нұрмағамбетовтің өзінен білсек.

– Еліміздің сейсмологтары 3 күн бұрын болған 5 балдық жер сілкінісін алдын ала болжай алмады. Олар дүмпүдің негізгі ошағы көрші елде болды. Онда ешқандай станциямыз жоқ, деп ақталды. Бұған сіздің пікіріңіз қандай?

Әлқуат Нұрмағамбетов, ҚР Ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының негізін қалаушы, профессор:

Қаңтардың 23-і түнде болған жер сілкінісі еліміздің оңтүстігінде көп жерінде сезілді. Алматыда оның күші шамамен 4-5 балға жетті. Халық бірталай дүрлікті, оның да өз себептері бар. Мұндайды кесіп айту, меніңше, дұрыс емес. Әңгіме сілкініс ошағының басқа мемлекетте болуында, не болмаса Алматыдан қашықта болуына байланысты емес. Әңгіме түпкілей жер сілкінісін алдын ала болжау – бүкіл әлемдік деңгейде бүгінгі таңда шешілмеген мәселе. Қытайда бұл сала өте дамыған. Өйткені, Қытай жерінде көп болады сілкіністер. Апатты, жойқын сілкіністер болған. Сондықтан мемлекеттік деңгейде жақсы көмектеседі. Ал біздің Қазақстан мен Қытай арасында екіжақты келісім бар бірігіп жұмыс істеуге. Бір-бірімен материал алмасып тұрады. Бүкіл әлемдегі сейсмикалық станциялар бір-бірімен байланыста, интернетте осының бәрі бар қазір. Қай станция қай жерде, қандай жағдайда жұмыс істеп жатыр деген сияқты. Бұған мемлекетаралық келісімшарттың керегі жоқ. 

– Қаланың құрылысына жауапты мамандар талапқа сай келсе, көпқабатты ғимараттарды салуға болады деп отыр. Тіпті, тектоникалық жарылымдар бар жерлерге де құрылыс жүргізуге рұқсат берген. Осыған қатысты не дейсіз?

Әлқуат Нұрмағамбетов, ҚР Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының негізін қалаушы, профессор:

Алматы – Орта Азиядағы өзі ерекше қала. Мысалы, Алматының грунт дейді, топырақ сапасы. Алматының грунты өте нашар. Мұнда 3 түрлі топырақ бар. Жақсы, нашар, өте нашар. Өте нашар мен жақсы грунттың арасында 1,5 балға дейін өзгеруі мүмкін. ол әр жерде салынған үйлер, әртүрплі реакция береді. Келген толқынға. Бір жерде 4 балл болса, нашар ерде 5 балл болуы мүмкін. Кеше болған 5 балдық жарылыста үйіміз жарылды деп жатыр. 5 балда үй жарылмайды, егер сапалы салынған үй болса, жобамен салынса ол еш уақытта жарылмайды. Тек қана сыртқы қабыршақтары түсуі ықтимал. 9 қабаттан жоғары үй салуға болмайды. Этаж жоғары болған сайын, жоғарыда физикалық заң бойынша тербелістің де амплитудасы көбейе береді. 1983 жылы Алматының сейсмикалық картасын жасадық. Соның авторының бірі мен болатынмын. Ол картада Алматының табанында бірнеше тиктоникалық бұзылыстарды жарылымдарды көрсеттік. Ол кезде 6-7 жарылым болатын. Бұл жарылымдарға үй салуға болмайды деген арнайы шешім шықты, құрылыс жайлы арнайы ереже шықты, тоқтатылды. Кеңес одағы құлағанша осы норматив жұмыс істеді, ешбір тектоникалық жарылымда үй салынбады. Алматыда жоғары қабатты үй салынған жоқ. Жарылым деген не ол? Жарылым деген екі блоктың шекарасы, егер сілкініс болған жағдайда алдымен шекара ығысады, тұрған үйлер қақ бөлінеді немесе қирайды. Сондықтан жарылымға үй салуға болмайды, мүмкін емес. Заңмен тоқтатылуы керек ондай нәрсе.


Хабарламаларға жазылу