«Ұлы дала баласы» жобасының алғашқы түсірілімі 23 маусымда өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала баласы» жобасының алғашқы түсірілімі 23 маусымда өтеді (ВИДЕО)

20.06.2016
«Ұлы дала баласы» жобасының алғашқы түсірілімі 23 маусымда өтеді (ВИДЕО)

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан 11 шілдеден бастап көрсетіле бастайтын «Ұлы дала баласы»  реалити-шоуының  тұсаукесері 23 маусымда Қарағанды қаласында өтеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды насихаттау және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қолға алынған тележобаның түсірілім жұмыстары еліміздің 9 қаласында жүргізіледі.

Жобаның басты кейіпкері - әнші Төреғали Төреәлі.

Жаңа телетуындының алғашқы түсірілімі 23 маусым, сағат 18:00-де кеншілер шаһарындағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығынан басталмақ. Онда басты кейіпкермен қатар, еліміздің танымал эстрада жұлдыздары - «KешYou» тобы, Ақылбек Жеменей, Серікбол Сайлаубек өнер көрсететін болады.  Ал, кеш тізгінін белгілі тележурналист Дана Нұржігіт ұстайды.

Қарағанды қаласынан кейінгі кезекті түсірілім 28 маусымда Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда жалғасады.  

Түсірілім өтетін өзге де қалалар мен орындар:

1 шілде Шымкент қаласы - Қажымұқан атындағы орталық стадион

5 шілде Тараз Орталық стадионы

11 шілде Өскемендегі «Восток» стадионы

14 шілде Орал қаласы, П.Атоян атындағы стадион

19 шілде Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадионы

22 шілде Атыраудағы «Мұнайшы» стадионы

26 шілде Астана, «Барыс Арена» мұз сарайы

Жобаның ерекшелігі, әр қалада ұйымдастырылатын кешті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының танымал журналистері жүргізетін болады.

Хабарламаларға жазылу