Елімізге Қатар мен Сингапурдан инвестиция ағыны артады. Бүгін Сенатта осы екі мемлекетпен «Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдар мақұлданды. Құжат екіжақтың тығыз экономикалық ынтымақтастығын арттырып, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру және екі мемлекеттің де әл-ауқатын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Бүгінде бұл елдермен байланыс нығайып, экономиканың әртүрлі секторларында бірқатар маңызды жоба жүзеге асып жатыр. Мәселен биыл қатарлық компаниялар сомасы 1 млрд доллардан асатын 14 жобаны елімізде жүзеге асырмақ.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Жалпы мақұлданған заңдар қолайлы құқықтық орта қалыптастыру арқылы инвестиция тартуға және ел экономикасының дамуына оң септігін тигізеді деп сенеміз.
Досжан Маратұлы