Майқайың шұңқыры: Құтқарушылар қатпарларды қолмен тазалауға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майқайың шұңқыры: Құтқарушылар қатпарларды қолмен тазалауға мәжбүр

25.01.2024

Майқайың шұңқырындағы автобус пен ондағы екі адамды іздестіру жүріп жатқалы 21 тәулік өтті. Нәтиже жоқ. Құтқарушылар қазір шыңырау табанындағы қатпарларға қыстырылып қалған ауыр тастарды қолмен жылжытуға кірісті. Себебі, шағын экскаваторлардың қуаты жетпейді. Іздестіру жұмыстарына 45 арнайы техника және 150 ге жуық адам жұмылдырылған. Бұған қоса геосканер, темір іздеуге арналған құрылғы және кинологиялық қызметтің иісшіл иттері бар.

Олег Трещев, облыстық тжд бастығының орынбасары:

Бүгіннен бастап пневматикалық-электр аспабымен үлкен тастарды үгітіп жатырмыз. Кейбірінің салмағы 5 тоннаға дейін жетеді. Олар экскаватордың жүруіне кедергі. Қазылатын жерді арнайы құрылғы анықтайды. Жұмыс ауыр, бірақ азаматтарды табуымыз керек.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу