22 маусым күні «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 маусым күні «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады

20.06.2016
22 маусым күні «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады

Сәрсенбі, 22 маусым күні Астана қаласында Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады.

Аталмыш іс-шара мемлекеттік тіл саясатын БАҚ-та насихаттау белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқау ережесі бойынша, 2015 жылғы 10 маусым мен 2016 жылғы 9 маусым аралығында жарық көрген мақалалар, эфирге шыққан хабар, бағдарламалар бойынша келіп түскен материалдар «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік радио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» аталымдары бойынша бағаланады.

Байқауға келіп түскен материалдарды елімізге белгілі жазушылар мен тәжірибелі журналист мамандардан құралған арнайы қазылар алқасы қарастырып, жүлдегерлерді анықтайды.     

www.bnews.kz                                              

 

 

 

Хабарламаларға жазылу