Елімізге Қатар мен Сингапурдан инвестиция артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге Қатар мен Сингапурдан инвестиция артады

25.01.2024

Елімізге Қатар мен Сингапурдан инвестиция ағыны артады. Бүгін Сенатта осы екі мемлекетпен «Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдар мақұлданды. Құжат екіжақтың тығыз экономикалық ынтымақтастығын арттырып, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру және екі мемлекеттің де әл-ауқатын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Бүгінде бұл елдермен байланыс нығайып, экономиканың әртүрлі секторларында бірқатар маңызды жоба жүзеге асып жатыр. Мәселен биыл қатарлық компаниялар сомасы 1 млрд доллардан асатын 14 жобаны елімізде жүзеге асырмақ.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу