Атырау облысында мектеп күзет қызметін 48 млн теңгеге жалдамақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында мектеп күзет қызметін 48 млн теңгеге жалдамақ болған

25.01.2024

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы №9 орта мектебі мемлекеттік сатып алу веб порталына күзет қызметін бір жылға жалдауға 48 млн теңге жұмсамақ болғандығы анықталды. Негізінен өңірде білім беру ғимараттарын күзету қызметінің орташа бағасы шамамен 3-4 млн теңгені құрайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлердің сатып алу процесіне араласуынан кейін қызмет бағасы 12 есеге төмендетіліп, 3,5 млн теңгеге келісім-шарт жасалынды. 44,5 миллион теңге көлемінде қаражат бюджетке қайтарылды.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу