Өткен түнде Қытай территориясында магнитудасы 4.9 бен 5.5 болатын 4 рет жер сілкінісі тағы тіркелген. Ошағы Алматы қаласынан шамамен 261 шақырым қашықта. «Оның тербелісін алматылықтар мен облыс тұрғындары мүлдем сезген жоқ», - дейді еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі. Біздегі сейсмостанцияда жер тербелісі екі балды көрсеткен.
Әйгерім Ердәулет