Алматыда жер сілкінісінен кейін көптеген нысанда жарықтар пайда болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жер сілкінісінен кейін көптеген нысанда жарықтар пайда болған

24.01.2024

Жер сілкінісінен кейін Алматы облысындағы мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік маңызы бар 44 нысанның қабырғаларында жарықтар пайда болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке тұрғын үйлердің иелерінен баспана қабырғаларының жарылғаны жайлы ешқандай хабарлама келмеді,-дейді. Ал Алматы қаласы бойынша жедел желіге әзірге ондаған нысанда дүмпуден кейін мынадай жарықшақтар пайда болды деген қоңырау түскен. Нақты қанша үй мен ғимараттың бүлінгені ертең белгілі болады. Тұрғындар құрылыс компанияларының сапасыз үй салғанына наразы .

Нағима Шыңбаева, қала тұрғыны:

Негізінен қорқамыз, қазірден 5 балға сондай болса, ертең 8-9 балл болса, мынаның бәрі қирайды. Сол себептен застройщикке айтқанымыз, ақашаны алағанда кішкене ойлау керек, дұрыстап салу керек. 

Ал әкімдік пен төтенше жағдайлар департамнтінің өкілдерінен құрылған комиссия әрбір нысанды көзбен көріп, тексеріп жүр. Айтуларынша, адам өміріне қауіп төндіретіндей апатты жағдай жоқ, негізгі қабырғалар жарылмаған дейді.

Ербол Әлімқұл, Алмалы ауданы бойынша ТЖД басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы:

Тексеру барысында біраз ақаулардың болғанын көрдік олар гипсокардон және ішкі қабырғалардан болып жатыр ешқандай қауіп қатер әкелетін ақаулар жоқ. Комиссия мүшелері барлық тексеріс біткеннен кейін, экспертный организациялар шақырылады независимый, олар барлық өлшемді көргеннен кейін, ары қарай құзырлы органдарға беріледі, қазіргі таңда шығынның қаншалықты болғанын есептеп жатыр.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу