Жамбыл облысында қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары мен бұрынғы бас есепшісі жемқорлық фактісімен ұсталды. Олар 758 млн теңге қаржы жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды.