Жер сілкінісі туралы ескерту жүйесіне жауапты компания тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер сілкінісі туралы ескерту жүйесіне жауапты компания тексеріледі

24.01.2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыдағы жер сілкінісі туралы хабармен тұрғындарды ерте құлағдар етпеген компанияны тексеруге кірісті. Бұған «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің мәлімдемесі түрткі болған. Қоғамдық бірлестік өкілдері, ескерту жүйесіне 1,1 млрд теңге қаржы бөлінгенін айтып отыр. Антикор өзге де жайттердің жай-жапсарын анықтау үшін, жинақталған материалдарды уәкілетті органға тапсырды.

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Бұл осы системаның негізі қазіргі уақытта жасап тұруы, одан кейін қанша қаражат жұмсалғанын, соның бәрін анықтау үшін керек. Материалдарға тексеру жүргізу үшін уәкілетті органға жіберілді. Олардың нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қосымша ақпаратты тарататын боламыз.


Хабарламаларға жазылу