Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жылды қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жылды қорытындылады

24.01.2024

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа мүшелерін таныстырып, оларға бірқатар міндет жүктеді.

Жалпы, биыл Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге баса назар аудармақ.

Жиында, өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы тыңдалды. Былтыр проблемаларды жан-жақты талдап, әзірлеу үшін сараптамалық топтардардың өңірлерге бару тәжірибесі енгізілген. Зорлық-зомбылық құрбандарына тегін құқықтық және психологиялық көмек көрсету үшін "One Stop Service" жобасы іске қосылды. Соның шеңберінде әйелдер мен балаларға қатысты 36 қылмыстық іс бойынша қолдау көрсетіліп, резонанс тудырған 11 іс ерекше бақылауға алынған. Әлеуметтік маңызы бар 7 жоба іске асырылды.

Аида Балаева, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

2023 жыл комиссия қызметі нәтижелі болды. Мемлекет басшысы атап өткен басымдықтарға сәйкес былтыр әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді зерделеуге ерекше мән беріп, халықаралық ұйымдар арасындағы сұранысқа ие диалог алаңына айналды. Сарапшыларымыздың қатысуымен Әлеуметтік кодекс әзірленіп, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" және Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілді. Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленді.

Хабарламаларға жазылу