Әлихан Смайылов Башқұртстан басшысымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Башқұртстан басшысымен кездесті

24.01.2024

Премьер-министр Әлихан Смайылов, Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен кездесті. Тараптар өзара өнеркәсіп кооперациясын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Әрі ауыл шаруашылығы, логистика, білім беру және туризм салаларын дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Әлихан Смайылов сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, екіжақтың әлеуеті зор екенін атап өтті. Себебі, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 10%-ға өскен. Башқұртстан өнеркәсіп пен сауда қатынастарын дамытуға мүдделі деді Радий Хабиров. Ал Әлихан Смайылов Астанада өтіп жатқан бизнес-форум мен ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының отырысы бұған серпін беретініне сенім білдірді.


Хабарламаларға жазылу