Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес, 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады. Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде, Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында осылай жазды.
Жандос Темірғали