Е.Қарин: Мемлекеттік рәміздерді жүйелі түрде насихаттау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Қарин: Мемлекеттік рәміздерді жүйелі түрде насихаттау керек

23.01.2024

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Төтенше жағдайлар, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің ұсынған ведомстволық наградалары бойынша, оң шешім қабылданды. Ал кейбір мемлекеттік органдар ұсынған ведомстволық наградаларға қатысты ескертулер айтылды. Мемлекеттік кеңесші уәкілетті органға өңірлік нышандарды әзірлеу мен бекіту жүйесін ретке келтіру және Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуын одан әрі арттыруға бағытталған кешенді жоспар әзірлеп, оларды Үкімет арқылы бекіту қажет екенін атап өтті. Өйткені, соңғы уақытта жекелеген азаматтар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан мемлекеттік наградалардың атын, кескінін, кейбір элементтерін қайталайтын қоғамдық марапаттар тапсыру жағдайлары жиілеп кеткен. Ерлан Қарин ондай әрекеттерге құқықтық негізде тосқауыл қою керек екенін айтты.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі: 

Соңғы уақытта жекелеген азаматтар мен бірқатар қоғамдық ұйымдар тарапынан белгілі бір қоғамдық наградаларды тапсыру жағдайлары жиілеп кетті. Осындай тапсырылатын қоғамдық наградалар мемлекеттік наградалардың атын, кескінін, бейнесін қайталауда. Осындай жағдайларға да енді заңдық негізде тыйым салу керек.


Хабарламаларға жазылу