Шымкентте заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды

23.01.2024

Шымкентте кезінде саябақтар аумағынан заңсыз берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. «Жер аманаты» комиссиясының ұйғаруымен шаһардағы дендрарий бағына тиесілі 0.29 гектар аумақ, саябақ қарауына қайта өтті. Ол жер 2005 жылы қала әкімінің қаулысымен жекенің иелігіне берілген. Тексеру кезінде Жер кодексінің 5 бірдей нормасы өрескел бұзылғаны анықтады. Сот шешімімен бұрын шығарылған барлық қаулының күші жойылды. Комиссия мүшелері алдағы уақытта мегаполистегі «Кең баба» саябағының да, мемлекетке қайтарылатынын мәлімдеді.

Бахадыр Нарымбетов, қалалық мәслихат төрағасы:

Дендропарктің жерін бұрынғы қалпына келтіру, қазір барлық жұмыстар аяқталды деп отыр. Соттың шешімдері бар. Енді 1-2 шешімдерінің аппеляциясы бар екен. Сол бойынша консультация беріп, ел игілігі үшін қайтаруға әрекет жасайды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу