Сейсмология институтына 5 млрд теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сейсмология институтына 5 млрд теңге бөлінеді

23.01.2024

Алматыда болған жер сілкінісі сейсмология институтының қаржыландыру деңгейі мен ғылыми әлеуетінің төмендігін көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Енді мекемеге құрал-жабдық сатып алуға 4-5 миллиард теңге шамасында қаржы бөлінетінін жеткізді. Бірақ оның нақты сомасы ғылыми-техникалық комиссияның отырысынан кейін белгілі болады. Министрдің айтуынша, бұл қаражат зерттеу және цифрландыру жұмыстарын жетілдіруге жұмсалады.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу