Кешеден бері жер сілкінісіне қатысты елді дүрліктіретін жалған ақпараттар көп таралып жатыр. Соның бірі – «Алматы қаласында таңғы бесте тағы да жер сілкінді» деген аудио жазба. Соның кесірінен шаһар жұртшылығы таң атқанша сыртта жүрді. Сондықтан жауапты орган өкілдері мен қоғам белсенділері жалған мәлімет таратпауды ескертеді. Жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын да естен шығармаңыз.
Алмас Тоқабаев, қоғам белсендісі:
Жалғыз ғана күресетін жол, ол өзіңінің сауатыңды арттыру. Екінші міндет – ол азаматтық борышың. Яғни, бірінші фейкті анықтау үшін оқуың керек, білуің керек. Тіпті болмаған күннің өзінде де Google салып бесінші бетіне дейін қарап ақпаратты үш көзден ол ақпарат расталса сенуге болады. Ссол ақпарат өтірік екенін көзіңіз жеткен соң, тағы бір азаматтық борышыңыз ол қате екендігін айту.
Тәуірбек Бозекен