Мемлекеттік бюджет шығыны кірістен 4 пайызға асып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік бюджет шығыны кірістен 4 пайызға асып кеткен

22.01.2024

Мемлекеттік бюджет шығыны кірістен 4 пайызға асып кеткен. Finprom.kz зерттеу орталығының дерегінше, қаңтарда қазына кірісі 22,2 трлн теңге болса, шығыны 23,1 трлн теңгеге жеткен.

Яғни, 900 млрд теңгеге аз. Былтыр бюджет қаржысының 22 пайызы, яғни 5,1 трлн теңге білім саласына жұмсалған. Одан кейін әлеуметтік салаға 4,8 млрд, Денсаулық сақтау саласына 2,1 млрд, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 1,5 млрд теңге бөлінді. Ал бюджет кірісінің 75 пайызы әдеттегідей салықтан түскен. Трансферттік түсімдер былтыр 5 пайызға азайыпты.


Хабарламаларға жазылу